Вход
Вход
Ваш Битрикс24
Авторизуйтесь, чтобы войти
в Битрикс24 вашей компании.
Вход
«Джохари терезесі» әдісі деген не?

«Джохари терезесі» әдісі деген не?

4 min
5
CRM
Аналитика

Өзіңізді қаншалықты жақсы танисыз? «Өзім туралы бәрін білемін» деп айта аласыз ба? Кейде адамдар өздерін толық танимын деп ойлайды. Алайда шын мәнінде әр адамның «соқыр аймағы» болады. Бұл – адамның өзі байқамайтын мінез-құлқы мен әдеттері. Оларды айналасындағы адамдар байқап, айтып жатады, ал біз оған таңғаламыз. Сонымен қатар «жасырын аймақ» та бар. Бұл – адамның өзі ғана білетін, өзгелерге ашпайтын қырлары.

Егер адам өзін толық танып-білмесе немесе кейбір қасиеттерін өзгелерден жасырса, оған достар табу да, мансап құру да қиындай түседі. Сондықтан осы мәселелерді шешу, өзіңді тереңірек түсіну үшін «Джохари терезесі» әдісін қолдануға болады. Бүгін бұл техниканың не екенін және оны жеке даму мен бизнесті дамытуда қалай пайдалануға болатынын қарастырамыз.

«Джохари терезесі» дегеніміз не?

«Джохари терезесі» – адамның өзін жақсырақ түсінуіне және басқалардың оны қалай қабылдайтынын анықтауға көмектесетін әдіс. Бұл техника адамның бойындағы жасырын ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Модель атауы оның авторлары – америкалық психологтар Джозеф Лафт пен Харрингтон Ингхэмнің есімдерінің алғашқы буындарынан құралған. Олар матрица түріндегі модель ұсынған. Онда көлденең бағытта «мен білемін» және «мен білмеймін», ал тігінен «басқалар біледі» және «басқалар білмейді» деген өлшемдер орналасқан. Осылайша төрт аймақ қалыптасады:

«Джохари терезесі» әдісінің төрт аймағы: ашық, соқыр, жасырын және белгісіз аймақ

Әр аймақтың өз артықшылықтары мен әлсіз тұстары болуы мүмкін. Бұл адамның жақсы немесе жаман екенін білдірмейді. Модель жеке тұлғаны бағалау үшін емес, керісінше, өзін және мінез-құлқын тереңірек түсіну үшін қажет.

«Джохари терезесі» әдісін бизнеске де қолдануға болады. Ол компанияның немесе белгілі бір өнімнің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға көмектеседі.

Мысалы, үй жануарларына арналған дүкендер желісі сатып алушылар санын арттырғысы келеді. Ол үшін «Джохари терезесі» әдісі бойынша талдау жүргізеді.

Ашық аймақ. Дүкенде бәсекелестерде кездеспейтін жануарларға арналған тауарлар сатылады.

Жасырын аймақ. Компанияда кәсіби ветеринарлар жұмыс істейді. Олар әр өнімнің жануарларға қауіпсіз болуын бақылайды. Бірақ бұл туралы сатып алушылардың көбі білмейді.

Соқыр аймақ. Сатып алушылар дүкеннің ассортименті кең екенін біледі, бірақ оның сапасы басқа дүкендерден ерекшеленбейді деп санайды.

Белгісіз аймақ. Компания кәсіби ветеринарлардың тегін кеңесін іске қосуды шешеді. Нәтижесінде бұл қызмет сатып алушылардың сұранысына сай ерекше артықшылыққа айналады.

Әдісті қалай қолдануға болады?

«Джохари терезесінің» негізгі мақсаты – компанияның күшті жақтарын анықтап, оларды аудиторияға дұрыс жеткізу. Сонымен қатар жақсартуды қажет ететін тұстарды көруге мүмкіндік береді.

Мұны кофехана мысалында қарастырайық.

Ашық аймақ – барлығына белгілі ақпарат

Кофехана күн сайын жаңа піскен тоқаштар дайындайды және кофені өзімен алып кету қызметін ұсынады. Сонымен қатар бәсекелестерінен бұрын, таңғы сағат жетіде ашылады. Бұл жұмысқа ерте шығатын адамдар үшін өте ыңғайлы.

Кофехана иелері бұл артықшылықтарын жақсы біледі, сондықтан оларды әлеуметтік желілерде үнемі көрсетіп отырады. Осылайша бизнес өзінің ерекшеліктерін аудиторияның есіне салып жүреді.

Жасырын аймақ – компания біледі, бірақ көрсетпейді

Мысалы, кофехана қызметкерлері үй жануарларымен келген қонақтарды әрқашан қуана қарсы алады. Тіпті иттерге арналған су мен тәттілер де дайын тұрады. Бірақ бұл туралы еш жерде айтылмайды. Нәтижесінде көптеген әлеуетті клиенттер бұл мүмкіндіктен бейхабар қалады.

Көп жағдайда компаниялар өздерінің артықшылықтарын толық бағаламайды. Сондықтан өз құндылықтарыңызды ашық көрсетіп, олар туралы тұрақты түрде айтып отырған жөн.

Соқыр аймақ – қонақтар көреді, бірақ компания байқамайды

Кофехана қағаздан жасалған экологиялық шыныаяқтарды пайдаланады. Компания бұл шешім өзінің беделін арттырады әрі табиғатты қорғауға үлес қосады деп есептейді. Бірақ кейбір қонақтарға мұндай шыныаяқтар ыңғайсыз болуы мүмкін.

Соқыр аймақтарды анықтау үшін компаниялар тұрақты түрде сауалнама жүргізіп, клиенттердің пікірін жинауы қажет.

Белгісіз аймақ – компания да, клиенттер де білмейтін мүмкіндік

Кофеханада тоқаш пісіретін пеш бар. Демек, онда нан да пісіруге болады. Егер бұл идея іске асса, жаңа өнім мекеменің ерекше артықшылығына айналып, бәсекелестерден ерекшеленуге мүмкіндік береді.

Белгісіз аймақты ашу үшін қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдап, нарықтағы трендтерді бақылап, клиенттердің болашақ сұранысын болжауға тырысқан дұрыс.

Соқыр аймақты қалай азайтуға болады?

Соқыр аймақ неғұрлым аз болса, компания өз артықшылықтары мен әлсіз жақтарын соғұрлым жақсы түсінеді. Ол үшін:

  • бизнестің аудиториямен қай жерде және қалай байланысатынын анықтаңыз;
  • клиенттерден тұрақты түрде кері байланыс жинаңыз;
  • қызметкерлердің пікірін тыңдаңыз;
  • алынған нәтижелерді талдаңыз;
  • компанияның құндылықтары аудиторияның қабылдауымен сәйкес келетінін тексеріңіз.

Қорытынды

Компанияның барлық бөлімдері аудиторияға біртұтас әсер қалыптастыру үшін үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Ол үшін ақпаратпен уақытылы алмасу, әр тапсырманың қай кезеңде екенін және оған кім жауапты екенін білу маңызды.

Бұл процестерді тиімді ұйымдастыруға Битрикс24 көмектеседі. Платформада CRM, тапсырмалар мен жобаларды басқару, корпоративтік мессенджер, бейнеқоңыраулар, ортақ күнтізбе және автоматтандыру құралдары бір жүйеге біріктірілген. Соның арқасында маркетинг, сатылым және клиенттерге қызмет көрсету бөлімдері бір ақпаратпен жұмыс істеп, команданың тиімділігін арттыра алады.

Битрикс24 CRM-ін қолданып көріңіз
CRM клиенттермен барлық байланыс арналарын бақылауға алады және сіздің бизнесіңіздегі сатылымдарды автоматтандырады.
Тегін орнату

Гүлнұр Досбол
Битрикс24 Қазақстан байланыс бөлімінің маманы
Рекомендуем
Показать еще